Accessibility links

Германия канцлері: Минск келісімі бойынша прогресс болмай отыр


Германия канцлері Ангела Меркель.
Германия канцлері Ангела Меркель.

Жұма күні Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген Германия канцлері Ангела Меркель Донбасс бойынша Минск келісімінде прогресс байқалмайтынын мәлімдеді.

Меркель Украинаның шығысындағы жанжал мен оған байланысты Ресейдің іс-әрекеті Еуропа одағы мен АҚШ-тың трансатлантика одағы алдында тұрған маңызды тақырып екенін айтты.

Германия канцлері Вашингтон мен Брюссель Донбасс мәселесін реттеуге байланысты Мәскеумен арадағы келіспеушілігіне қарамастан, онымен әріптесікті жалғастыруы керек деп санайды.

Мюнхен конференциясы қарсаңында Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Минск келісімін қазіргі қалпында іске асыру мүмкін емес деп мәлімдеген. Әйткенмен Киев келісімде көзделген принциптерді орындайтынын айтқан.

Донбасс бойынша үшжақты байланыс тобындағы Ресей өкілі Борис Грызлов жақында Украинаны оқ атпау туралы міндеттемесін орындамай, жанжал аймағындағы ахуалды шиеленістіріп отыр деп айыптаған.

  • Донбасс аймағындағы жанжал 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Украина құрамындағы Донецк және Луганск облыстарының бір бөлігі Киевке бағынудан бас тартқан.
  • Жанжал басталғалы бері 13 мың адам қаза болған. Кемінде бір жарым миллион бейбіт тұрғын үй-жайын тастап, босып кетуге мәжбүр болды.
  • Аймақтағы жанжалды реттеумен Украина, Ресей және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының өкілдерінен тұратын үшжақты байланыс тобы айналысады.
  • Жанжалды саяси реттеу мәселесімен айналысатын, «Норман төрттігі» деп аталатын төртжақты топқа Германия, Ресей, Украина мен Франция мемлекеттерінің басшылары мен сыртқы істер министрлері кіреді.
  • Украина мен Батыс елдері Ресейді Украинаның шығысындағы қарулы сепаратистерге жәрдем көрсетіп отыр деп айыптайды. Мәскеу ол айыптарды мойындамайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG