Accessibility links

Ресей Еуроодаққа "Спутник V" вакцинасы жайлы өтініш бергенде жаңылысқан


Ресей коронавирусқа қарсы шығарған "Спутник V" вакцинасы. Көрнекі сурет.
Ресей коронавирусқа қарсы шығарған "Спутник V" вакцинасы. Көрнекі сурет.

Ресей билігі коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын Еуропа одағында тіркеуге берген өтінішін жаңылысып басқа агенттікке жолдаған. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Twitter әлеуметтік желісіндегі "Спутник V" вакцинасының аккаунтында жарияланған құжаттың скриншотында Ресей билігінің өтінішті вакцинаны тіркеу рәсіміне ешқандай қатысы жоқ медицина мекемелері басқармасына жолдағаны көрінеді.

Ал негізі мұндай құжатты Еуропаның дәрі-дәрмек заттары агенттігіне жіберу керек еді. Бұған дейін осы агенттіктің өкілдері ("Спутник V" вакцинасы жайлы) ешқандай өтініш алмағанын мәлімдеген.

Өтініш иесі – Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (бұл қор "Спутник V" вакцинасы өндірісіне қаржы бөлген – ред.) бұл жайт туралы комментарий беруден бас тартты, бірақ өтініш тапсыру процесі «жүріп жатқанын» айтты.

Қазірге дейін Ресейде шығарылған "Спутник V" вакцинасын әлемнің 29 елі мақұлдаған. Олардың арасында Еуропа одағынан жалғыз мемлекет – Венгрия ғана бар. Бұл елдің билігі тиісті тексеруден өтпеген вакцинаны мақұлдағаны үшін сынға қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG