Accessibility links

Қазақстанда коронавируспен 804 науқас, 6 өлім тіркелді


Covid науқасын емдеп жатқан дәрігер. Көрнекі сурет.

21 ақпан күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен тағы 804 науқас, 6 өлім тіркелгенін хабарлады. Жаңа тіркелген 38 науқасқа ауру белгілері бойынша коронавирус пневмониясы қойылған, олардың вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталмаған. Алты өлімнің екеуі осы санаттағы науқастар қатарынан.

Қазақстан былтыр тамыздан бері коронавирус науқастарының екі статистикасын жүргізіп келеді. Бірі – вирус жұққаны ПТР тестімен расталған науқастар дерегі, бірі – ПТР тестімен расталмаған (КВИ+), диагнозы ауру белгілері бойынша қойылған коронавирус пневмониясы дерегі (КВИ-). Кейінгі күндері белгілі болғандай, КВИ+ дерегі бір күннен кейін, КВИ- дерегі екі күннен кейін жарияланады.

Жаңа тіркелген 804 науқастың 766-сы КВИ+ санатына жатқызылған және олардың дерегі 20 ақпан күні нақтыланған. КВИ- санатындағы 38 науқастың дерегі одан бір күн бұрын, яғни 19 ақпан күні анықталған.

Күнделік жарияланып келген коронавирус пневмониясы дерегінің кешегі күндікі емес, алдыңғы күндікі екені ақпанның басында белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі күн сайын таңертең коронавирус дерегі бойынша инфографика жариялайды. Онда КВИ+ және КВИ- деректері қатар көрсетіледі. Екеуі бірдей күннің ақпараты деп жазылды.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі күн сайын таңертең осындай инфографика жариялайды. Мұнда КВИ+ дерегі де, КВИ- дерегі де 2 ақпанға дейін көрсетілген.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі күн сайын таңертең осындай инфографика жариялайды. Мұнда КВИ+ дерегі де, КВИ- дерегі де 2 ақпанға дейін көрсетілген.

2 ақпан күні Денсаулық сақтау министрлігі КВИ- санатындағы науқастардың аймақтық дерегін жариялай бастап, деректің 31 қаңтар күнге тиесілі екені көрсетілді.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 2 ақпаннан бастап коронавирус пневмониясы науқастарының аймақ бойынша дерегін жариялай бастады.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 2 ақпаннан бастап коронавирус пневмониясы науқастарының аймақ бойынша дерегін жариялай бастады.

КВИ+ санаты бойынша барлығы 207 418 науқас тіркелген. Оның 2694-і қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмей қалған. 191 097 адам жазылып шыққан, 13 627 адам емделіп жатыр.

КВИ- санаты бойынша тіркелген науқастар саны 48 970-ке жетті. Оның 610-ы қайтыс болған. 40 570 адам жазылып шыққан, 7790 адам емделіп келеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 237 науқастың жағдайы ауыр, 54 науқастың жағдайы өте ауыр, 45 науқас өкпені желдету аппаратына қосылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG