Accessibility links

Қырғыз журналисі мен Украинаның бұрынғы бас прокуроры жемқорлықпен күрес сыйлығын алды


Қырғызстандық FactCheck сайтының бас редакторы Болот Темиров.
Қырғызстандық FactCheck сайтының бас редакторы Болот Темиров.

Қырғызстанда зерттеу мақалалар жариялайтын сайттың бас редакторы және Украинаның бұрынғы бас прокуроры АҚШ мемлекеттік департаментінің жемқорлықпен күрес саласы бойынша тағайындаған сыйлығына ие болды. Бұл сыйлық олардан бөлек тағы 10 адамға берілген.

Жаңа халықаралық сыйлықтың лауреаттарын 23 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен жариялады. Ол сыйлық жемқорлықпен тынбай күресіп, күрделі қиындықтарға жиі тап болатын және өз елінде жемқорлық қылмысын жасағандардың жазаға тартылуына күш салатын тұлғаларға берілетінін айтты.

Премияға ие болғандар қатарында қырғызстандық FactCheck сайтының бас редакторы Болот Темиров және былтыр Украинаның бас прокуроры қызметінен бас тартуға мәжбүр болған Руслан Рябошапка бар.

Украинаның бұрынғы бас прокуроры Руслан Рябошапка.
Украинаның бұрынғы бас прокуроры Руслан Рябошапка.

FactCheck және Bellingcat тобы Қырғызстан кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов туралы зерттеуге қатысқан. Олар миллиондаған доллардың шетелге асқаны жайлы жемқорлық дауына қалған Матраимовтың туыстарының активтерін зерттеген. Зерттеу жарияланғаннан кейін былтыр Темировке Бішкекте редакция ғимаратының маңында шабуыл жасалған.

Белсенділер кәсібилікті арттыруға күш салып, жемқорлықпен күрескен Рябошапканың еңбегін жоғары бағалаған. Ол Украинаның бас прокуратурасын 2019 жылдың 29 тамызы мен 2020 жылдың 5 наурызы аралығында басқарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG