Accessibility links

Талибан мүшелеріне шетелдік содырларды топқа тартпауға нұсқаулық берді


Мотоциклмен кетіп бара жатқан Талибан әскері. Көрнекі сурет.
Мотоциклмен кетіп бара жатқан Талибан әскері. Көрнекі сурет.

Талибан қозғалысы мүшелеріне шетелдік содырларды топқа тартпауға және оларды бүркемеуге нұсқаулық берді. “Әл-Қаида” сияқты террористік топпен байланысты үзуді талап ететін АҚШ-пен былтыр қойылған келісім шарттарын Талибанның орындайтынына күмән артқан шақта қозғалыс осындай мәлімдеме жасап отыр.

“Барлық басшылар мен моджахидтерге шетел азаматтарын қатарға қоспауға және оларды бүркемеуге нұсқаулық берілді” делінген Талибанның 24 ақпан күнгі мәлімдемесінде.

Қозғалыс басшылығы "сондай талпыныс жасағандар міндетінен алшақтатылып, топ таратылады және әскери комиссияға жазалауға жіберіледі деп ескертілгенін" алға тартады.

Былтыр ақпан айында АҚШ пен Талибан арасында жасалған келісімге сәйкес, барлық шетел күштері мамыр айына дейін Ауғанстан аумағынан шығарылуы тиіс. Есесіне қозғалыс қауіпсіздікке кепілдік беріп, "Әл-Қаида" сияқты террористік топтармен байланыс үзу міндетін алған. Алайда ауған үкіметі мен АҚШ билігі Талибан өкілдерін террористік топтармен оның ішінде "Әл-Қаидамен" әлі күнге дейін байланыс үзбегені үшін сынап келеді. Талибан айыптарды жоққа шығарады. БҰҰ-ның бақылау тобының өткен айда жариялаған мәліметінше, Ауғанстанның 11 провинциясында 200-500 аралығында "Әл-Қаида" содыры бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG