Accessibility links

Киев экс-президент Януковичтің маңайындағы он адамға санкция салды


Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысы Алексей Данилов.
Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысы Алексей Данилов.

Украина елдің бұрынғы президенті, қазір Ресейде тұрып жатқан Виктор Януковичке жақын он азаматқа санкция салды.

Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 26 ақпанда бұл жолы санкция елдің бұрынғы ішкі істер министрі Виталий Захарченко, Украина қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Александр Якименко және күш құрылымдарының бұрынғы сегіз қызметкеріне салынғанын жария етті деп хабарлайды Азаттықтың Украин қызметі. Захарченкоға 2014 жылы үкіметке наразылық акциясына шыққан бейбіт азаматтарға күш қолдануға байланысты айып тағылған. Көп адам қаза тапқан сол оқиғадан кейін Захарченко да Порошенко сияқты Ресейге қашқан.

Украинаның қазіргі президент Владимир Зеленскийдің әкімшілігі бұған дейін бірқатар азаматтарға санкция салынатынын, олардың арасында Ресеймен байланысы бар кейбір парламент мүшелері де барын мәлімдеген.

Бақылаушылар бұл шешім қоғамда Зеленскийдің рейтингі төмендеп, Украина президенті АҚШ-тың жаңа президенті Джо Байденнің әкімшілігімен байланысты нығайтуға тырысып жатқан кезде қабылданғанына назар аударады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG