Accessibility links

НКВД-ның бұрынғы қызметкерінің ұлы әкесін қараламауды талап етті


Ату жазасын орындап тұрған НКВД қызметкерлері.

НКВД-ның (Сталин тұсында саяси репрессия құралы болған жазалаушы орган) бұрынғы қызметкері Алексей Митюшовтің ұлы әкесінің беделін қорғауды сұрап, полицияға арыз жазды. Ол әуезқой тарихшы Денис Карагожиннің сайтында әкесінің есімі "қанішер" ретінде аталуына қарсы болған.

Бұған дейін атасының қуғынға ұшырауы туралы деректерді табумен айналысып жүрген әуезқой тарихшы Денис Карагодин сайтында Митюшов НКВД жендеті ретінде көрсетілген еді. Онда Карагодиннің атасына шыққан өлім жазасын орындау актісінде Алексей Митюшиннің қолы тұр.

Полицияға жазған арызында НКВД қызметкерінің ұлы Алексей Алексеевич Митюшов Карагодин сайтында "әкесін қаралайтын жалған ақпарат жарияланғанын" жазған. Ал тарихшы ФСБ архивінен алынған деректерге сүйенгенін айтқан.

Крестьянин Степан Карагодинді 1937 жылы 1 желтоқсанда Томск НКВД бөлімінің қызметкерлері ұстап, "жапон тыңшысы" деп соттап, ату жазасына кескен. Кейінірек Карагодин қылмыс құрамының табылмауына байланысты ақталған.

Оның шөбересі атасын қудалап, ату жазасына кескендердің тізімін анықтап, туыстарының өліміне қатысы бар адамдардың аты-жөндерін жариялаған. Бірақ ол өзіне қарсы куәлік бермеуге мүмкіндік беретін бапты алға тартып, полиция сұрақтарына жауап беруден бас тартқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG