Accessibility links

Лұқпан Ахмедияровтың қоғамдық бірлестігіне айыппұл салынып, қызметі тоқтатылды


Лұқпан Ахмедияров.
Лұқпан Ахмедияров.

Батыс Қазақстан облысында "Абырой" қоғамдық бірлестігіне салық органдары 583 мың теңге айыппұл салып, ұйымның жұмысын үш айға тоқтатты.

Ұйым жетекшісі Лұқпан Ахмедияров мемлекеттік кірістер жөніндегі басқарманың шешімін 3 наурыз күні таңертең алған. Құжатта ұйым басшыларының "Әкімшілік кодекстің 460-1, 2-бөлігін бұзғаны" жазылған. Бұл бапта "шетел қаржысы туралы жалған ақпарат бергені үшін" жауапкершілік қарастырылған. Қаулыда америкалық NED (National Endowment for Democracy, "Демократия жөніндегі ұлттық қор") қорының ақшасын алу үшін құжат тапсырған кезде "заңбұзушылық" болғаны жазылған.

— Әу баста-ақ қаражат алғаны жөнінде хабарламадан қателіктер кеткен, "Абырой" өкілдері оны түзегісі келген. Бірақ түзетулерді хабарламаға емес, декларацияға енгізуге болады. Осы дұрыс емес дерек заңбұзушылық ретінде танылып отыр, — деді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары жөніндегі басқарма жетекшісі Айман Қуанова.

Лұқпан Ахмедияровтың түсіндіруінше, іс бірлестік өкілдерінің қатысуынсыз қаралған. Ол айыппұл салу мен ұйымның қызметін тоқтату туралы шешімді қала әкімдігімен рұқсат етілген жақында Оралда өткен митингімен байланыстырады.

— Себебі бұл іс бұрын мемлекеттік кірістер басқармасында қаралған және қалалық басқарма жетекшісі істе әкімшілік құқықбұзушылық белгілері жоқ екенін айтқан. Олар үнсіздік танытып, енді митингіден кейін маған айыппұл туралы хабарламама келіп тұр, — деді Ахмедияров.

"Абырой" қоғамдық бірлестігі 2004 жылы құрылған. Ұйым былтыр жыл соңында сайлау кезінде тәуелсіз бақылаушыларды дайындау үшін халықаралық қордан грант алған.

Былтыр жыл соңында және биыл жыл басында Қазақстанның салық органдары сайлауды бақылау мен құқық қорғаумен айналысатын бірқатар үкіметтер емес ұйымның үстінен әкімшілік іс қозғаған. Кейбіріне ірі айыппұл салу және қызметін тоқтату туралы қаулы қабылданды.

Үкіметтік емес ұйымдарға қарсы кампания ел ішінде және шетелде халықаралық БАҚ-тың назарын аудартты. Ол парламент сайлауына байланысты тәуелсіз ұйымдарға қысым жасау талпынысы ретінде бағаланды.

Халықаралық ұйымдар Нұр-Сұлтанды азаматтық қоғамға қысым жасауды доғаруға шақырды. Қабылданып қойған айыппұл төлету шешімдері мен әкімшілік істер қысым үдеген шақта жабылды.

Салық органдарының үкіметтік емес ұйымдарға қозғаған ісі тоқтады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:24 0:00

Кейінірек үкіметтік емес ұйымдар "әрі қарай да азаматтық қоғамға қысым құралы ретінде пайдаланылмас үшін" Салық кодексі мен Әкімшілік кодекстен шетел қаржысына қатысты баптарды алып тастауға үндеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG