Accessibility links

Мәскеуде түркіменстандық белсенді студент ұсталды


Стамбулда түркімен билігіне қарсы наразылық акциясын өткізіп тұрған түркіменстандық белсенділер. Мамыр айы, 2020 жыл.
Стамбулда түркімен билігіне қарсы наразылық акциясын өткізіп тұрған түркіменстандық белсенділер. Мамыр айы, 2020 жыл.

Түркіменстан билігін сынағаны үшін "интернет-террорист" тізіміне енгізіліп, өз елінде айыпталған студент Розгельды Чолиев 2 наурызда Стамбулдан Мәскеуге ұшып келген кезде Шереметьева әуежайында ұсталған. Бұл туралы "Түркіменстан хроникасы" басылымына сілтеме жасаған Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады. Чолиев әлеуметтік желіде әуежайдан түсірілген видео жариялаған.

Былтыр желтоқсан айында "Мемориал" құқық қорғау орталығы және Адам құқығы жөніндегі Түркіменстан Хельсинки қоры Ресейдің Карашай-Шеркес республикасында оқитын студент Розгельды Чолиевтің интернетте түркімен билігін сынап, студенттерді бірігіп әрекет етуге шақырғаны үшін өз елінде "интернет-террорист" тізіміне енгізілгенін хабарлаған.

Осыдан кейін Чолиевтің Түркіменстандағы ата-анасы тергеліп, қуғынға ұшыраған.

Чолиев былтыр қыркүйек айында Түркиядағы белсенділерді қолдап, президент Гурбангулы Бердімұхаммедовтің отставкасын талап еткен акцияға қосылған.

"Мемориалдың" Орталық Азия бағдарламалары бойынша директоры Виталий Пономарев Азаттықтың Түркімен редакциясына Чолиевті әуежайдан шығармай жатқанын растады.

Ресейдің ресми орындары Түркіменстан азаматы болғандықтан карантин талаптарына сәйкес, Чолиевтің Ресей аумағына өте алмайтындығын, Стамбулға қайта жөнелтілетінін алға тартқан. Бұл мәселемен Түркіменстанның Мәскеудегі консулдығы айналысатынын да жеткізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG