Accessibility links

Рим папасы Иракқа сапарының соңғы күні соғыстан зардап шеккен Мосул қаласына барды


Рим папасы Франциск Ирактағы сапарында. 6 наурыз 2021 жыл.
Рим папасы Франциск Ирактағы сапарында. 6 наурыз 2021 жыл.

Иракта сапармен жүрмен Рим папасы Франциск жексенбі, 7 наурыз күні елдің солтүстігіндегі Мосул қаласына барды.

Бұл қаланы үш жылдан астам уақыт бойы "Ислам мемлекеті" террор ұйымының содырлары бақылаған. Қаланы 2017 жылы халықаралық коалицияның қолдауымен қолдауымен Ирак әскері азат етті.

Рим папасы діншілдер алдында қираған шіркеулер арасында тұрып сөйледі. Бұл шіркеулер қаланы азат ету соғысы кезінде бүлінген.

Жексенбі кешкі уақытта католик шіркеуінің басшысы Эрбиль қаласының стадионында месса ғибадатын орындамақ. Қала – Ирактағы Күрдістан автономиясы орталықтарының бірі.

Сенбі, 6 наурыз күні Рим папасы шиит мұсылмандарының беделді рухани көсемдерінің бірі аятолла Әли Систанимен кездесті. Наджаф қаласында өткен кездесуде Иракта бірнеше конфессия өкілдерінің бейбіт өмір сүре алуы мүмкіндігі талқыланды.

Рим папасы Франциск Иракқа жұма, 5 наурыз күні келген. Осыған дейін католик шіркеуінің басшылары бұл елге келемеген.

Мұсылман елі саналатын Иракта 300 мың христиан тұрады. 1987 жылы христиандардың саны бір жарым миллион шамасында болған. Олардың көбі "Ислам мемлекеті" террор ұйымы мен шиит жасақтарынан төнген қауіптен қорқып, елден қашты. Елде қалғандарына жұмыс табу қиын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG