Accessibility links

Ердоған мен Путин "Аккую" АЭС-інің жаңа реакторын іске қосу рәсіміне қатысты


Түркия және Ресей басшылары "Аккую" атом электр станциясының үшінші реакторын іске қосу рәсімін онлайн бақылап отыр. 10 наурыз 2021 жыл.
Түркия және Ресей басшылары "Аккую" атом электр станциясының үшінші реакторын іске қосу рәсімін онлайн бақылап отыр. 10 наурыз 2021 жыл.

10 наурызда Ресей және Түркия басшылары түріктің алғашқы атом электр станциясының жаңа реактор құрылысын бастау рәсіміне қатысты. Сәрсенбі күні Владимир Путин мен Режеп Ердоған "Аккую" АЭС-інде үшінші блокқа цемент құю сәтін онлайн бақылады.

Ресейдің мемлекеттік “Росатом” компаниясы Түркияның Жерорта жағалауындағы Мерсин провинциясында 2018 жылдан бері АЭС салып келе жатыр. Екі ел арасында АЭС салу бойынша келісім 2010 жылы жасалған. Үш жыл бұрын төрт блоктан тұратын станцияның алғашқы блогының негізі қаланды. Жобаның жалпы құны 20 млрд доллар деп айтылады.

Рәсім кезінде Путин аталған жоба “барлық сала бойынша орыс-түрік қатынасын дамытады, достық пен өзара түсінісуді арттырады” деп мәлімдеді.

Путинге “менің құрметті досым” деп қайырыла сөйлеген Ердоған АЭС-ті "Түркия-Ресей қатынасы символдарының бірі" деп атады. Ол станцияның алғашқы блогы 2023 жылы іске қосылатынын атап өтті.

Соңғы 20 жылдың көбінде мемлекет басшылығында жүрген екі президент өзара күрделі қатынасты дамытуға күш салып келеді. Мәскеу мен Анкара Сирия және Ливиядағы қақтығыста қарсы тараптарды қолдағанмен кейінгі кезде аз да болса ортақ тіл тапқан және екеуі де Таулы Қарабақ аймағында атысты тоқтату режимін бірігіп бақылап жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG