Accessibility links

Алматы түбінде 6 жолаушысы бар ұшақ құлады


Қазақстан картасы

Алматы маңында алты жолаушы мінген ұшақ құлады. Алдын ала мәлімет бойынша құлаған – Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің ұшағы. Нақтыланбаған мәлімет бойынша, ұшақта болғандардың төртеуі қаза тапқан, екеуінің жағдайы ауыр.

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан - Алматы бағытымен ұшқан АН-26 ұшағы қону кезінде құлаған".

"Сағат 17:20-да байланыс үзілді. Бірден дабыл қақтық. Біздің барлық қызметіміз оқиға орнына жетті. [Ұшақ] ұшу-қону жолағына жетпей құлаған" деп хабарайды баспасөз қызметі.

Оқиға Алматы облысы Қызылту ауылының маңында болған.

Желіде ұшақтың құлаған сәтін көрсетеді деген в видеолар тарады.

Қазақстан төтенша жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына алты өрт сөндіру және құтқару техникасы жіберіліп, ұшақтағы өрт сөндірілді. Бұған қоса Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының 10 реанимация бригадасы апат болған жерге жеткен.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев апатқа байланысты пікір білдірді. "Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды. Мұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек" деп жазды Тоқаев Twitter-дегі ресми парақшасында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG