Accessibility links

Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді


Армения премьер-министрі Никол Пашинян наразылар алдында сөйлеп тұр. Ереван, 18 қараша 2020 жыл.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян наразылар алдында сөйлеп тұр. Ереван, 18 қараша 2020 жыл.

Арменияда кезектен тыс парламент сайлауы өтеді. Ол 20 маусымға белгіленді. Бұл туралы бейсенбі күні оппозициялық фракция өкілдерімен кездескеннен соң премьер-министр Никол Пашинян хабарлады.

Премьер-министр Никол Пашинян былтыр қарашада Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы Әзербайжанмен келісімге қол қойғаннан кейін елде оның отставкасын талап етушілер көбейген. Көптеген армян келісім шарттарымен келіспейді. Осы келісімнің нәтижесінде Армения Таулы Қарабақтағы біраз аумақты бақылау құқығынан айырылған және 1990 жылдары армян күштері жаулап алған жеті ауданды Әзербайжанға қайтарған.

Оппозиция Таулы Қарабақ мәселесін шешуде Пашинянның жеңіліске ұшырағанын айтса, премьердің жақтастары сәтсіздікке премьермен бірге елді соғысқа дайындамаған әскери және бұрынғы басшылары да жауапты деп санайды.

Пашинянның отставкасын елдің бұрынғы президенттері де талап еткен. Ақпан айында қарулы күштер бас штабы Пашинянды қызметінен кетуге шақырғаннан кейін Пашинян әскери төңкеріс жасау талпынысы болғанын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG