Accessibility links

Алматыда "бомба қойылғаны" жайлы ескерту алған мектептер саны 34-ке жетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда 34 мектепке бомба қойылғаны жайлы хабарлама түсті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Бастапқыда олардың саны 12 болған.

"Соңғы мәлімет бойынша, мұндай хабарлама 34 білім беру мекемесіне түскен. Қазірге дейін 18 мектеп тексерілді. Жарылғыш зат анықталған жоқ" деді полицияның баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек "Қазинформ" агенттігіне.

Бұған дейін полиция мектептерді саперлерлардың тексеріп жатқанын хабарлаған. Қанша адамның эвакуацияланғаны белгісіз.

Полиция мәліметінше, белгісіз біреулер 34 білім беру мекемесінің электронды поштасына бомба қойылғаны жайлы ескерту жіберіп, "ақша аудармаса, жарамыз" деп қорқытқан.

Полиция оқиғаға байланысты "Терроризм актісі жайлы көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша тергеу бастаған.

"Анонимді анықтау мақсатында шұғыл-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Вирус күшейген тұста Алматыда 1-5 сынып оқушылары жақында аралас форматта оқуға көшкен еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG