Accessibility links

Исландияда жанартау атқылай бастады


800 жылдан соң қайта оянған Фаградальсфьядль жанартауынан аққан лава. 19 наурыз, 2021 жыл.
800 жылдан соң қайта оянған Фаградальсфьядль жанартауынан аққан лава. 19 наурыз, 2021 жыл.

Еуропадағы арал-мемлекет Исландияның оңтүстік-батысында жұма күнгі кеште Фаградальсфьядль жанартауы атқылай бастады. Мұның алдында осы аймақта бірер апта бойы мыңдаған әлсіз жер сілкінісі болған. Бұл жөнінде ВВС агенттігі хабарлайды.

Жанартау жергілікті уақытпен сағат 20:45-те ел астанасы Рейкьявиктен 30 километрдей жерде, Рейкьянес түбегінде атқылған. Исландия метеорология басқармасының хабарлауынша, жанартау қатты атқылап жатқан жоқ. Жанартау аузында ұзындығы 500 метрдей жарық пайда болған. Таудан шыққан лава оңтүстік-батысқа және батысқа қарай ағып жатыр.

Жанартаудың атқылауы маңайдағы тұрғындарға және инфрақұрылымға тікелей қауіп төндіріп тұрған жоқ деп хабарлайды метеорология басқармасы. Дегенмен топырақ көшкіні болуы ықтимал.

Бұған қоса жанартау газы ауаны ластауы мүмкін. Ресми мекемелер тұрғындарға терезені жауып, үйде отыруға, жанартау маңайына бармауға кеңес берген.

2010 жылы Исландияда Эйяфьятлайокудль жанартауы атқылап, Еуропаны қою түтін басқан, соның кесірінен бүкіл құрлықта әуе қатынасы тоқтап қалған. Сарапшылар бұл жолғы апат мұндай қиындық тудырмайды деп болжайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG