Accessibility links

Лукашенко Беларусь президенті болуға лайық адамдарды атады


Александр Лукашенко
Александр Лукашенко

Александр Лукашенко болашақта Беларусь президенті болады-ау деген кандидаттарды іздестіре бастағанын айтты. Оның осы жөнінде сөйлеген сөзін "Пул первого" телеграм-арнасы жариялады.

"Билік транзиті жалғыз жолмен – тек сайлау арқылы жүзеге асады. Менен соң балаларым президент болмайды. Осында менің екі адамым бар, олар президент сайлауына қатыса алады. Және мықты кандидат болады. Бірі – генерал [президенттің Гродно облысы бойынша көмекшісі Юрий Караев], екіншісі – губернатор [Гродно облысының губернаторы Владимир Караник]. Жаңа буыннан шыққан, жас әрі ақылды, елдің қадірін білетін адамдар" деді Лукашенко.

Юрий Караев 2019 жылғы шілдеден Ішкі істер министрі қызметін атқарған, 2020 жылғы 29 қазаннан Лукашенконың Гродно облысы бойынша көмекшісі. Тамыздағы прзеидент сайлауынан кейін басталған наразылықты күшпен таратқан полицейлерді халық "караевцы" деп атай бастаған. Еуроодақ, Ұлыбритания және АҚШ-тың санкция салған адамдар тізімінде Караев та бар.

Юрий Караев
Юрий Караев

Владимир Караник 2019-2020 жылдары Беларусьтің денсаулық сақтау министрі болған, кейін Гродный облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған. Беларусьтегі наразылықтарға байланысты АҚШ пен Еуроодақ оған қарсы санкция салған.

Владимир Каранин
Владимир Каранин

2020 жылғы тамызда өткен президент сайлауында алтыншы рет додаға түскен Александр Лукашенко жеңімпаз деп танылған. Ресми нәти

жемен келіспеген жұрт содан бері жаппай наразылық өткізіп келеді. Еуроодақтың біраз елі, Ұлыбритания, АҚШ және Канада Лукашенконы заңды сайланған президент деп мойындамай, Беларусь басшыларына санкция салды және жаңа сайлау өткізуді талап етті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG