Accessibility links

Қарағандыда жол апаты болып, бес адам қаза тапты


Қарағанды облысында жеңіл автокөлік жол шетіндегі қоршауға соғылып, бес адам қайтыс болды. Бұл туралы аймақтағы полиция департаментіне сілтеме жасап, жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Жол апаты 22 наурыз түнгі 12 жарымда Жезқазған – Сәтбаев трассасында болған. ВАЗ көлігінің 31 жастағы жүргізушісі "рөлге ие бола алмай қалған".

"Жол апатынан ВАЗ көлігі мен төрт жолаушы алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама жүргізіліп жатыр" деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда жыл сайын жол апатынан он мыңнан аса адам мерт болады. Көліктердің апатқа ұшырауына жол ережесін сақтамау және жол сапасы жиі себеп болады.

Еуропа одағы статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты бойынша әлемде бестікке енеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG