Accessibility links

Ресей мен Қытай Батыс санкциясы күшейген тұста кездесуді жиілетті


Сергей Лавров (сол жақта) пен Ван И (оң жақта) Пекиндегі кездесуде. 23 наурыз 2021 жыл.
Сергей Лавров (сол жақта) пен Ван И (оң жақта) Пекиндегі кездесуде. 23 наурыз 2021 жыл.

Батыс елдері Пекин мен Мәскеуге адам құқықтарын бұзып, билікті сынағандарды қудалаған үшін санкция салып жатқан тұста Қытай және Ресей сыртқы істер министрлері кездесті.

Ван И мен Сергей Лавров 23 наурызда Пекинде баспасөз мәслихатын өткізіп, Батыстың сынын жоққа шығарды. Лавров сөзінше, Ресей мен Қытай "АҚШ Қырғи қабақ соғысы кезінде әскери-саяси одақтастарын халықаралық құқықтық архитектураны бұзу үшін қолданып жатыр" деп санайды.

Екі елдің сыртқы істер министрлері Лавров пен Ван И әлемде "ортақ демократиялық стандарттың жоқтығын" алға тартты.

"Дербес елдердің таңдаған даму жолы мен заңды құқықтарын құрметтеу керек. Демократияны алға тартып, дербес елдердің ішкі ісіне араласуға жол жоқ" деп жазылған бірлескен мәлімдемеде.

Ван И Еуропа одағы, Ұлыбритания, АҚШ және Канаданың Қытайға Шыңжаңдағы мұсылмандардың құқығын бұзған үшін салған санкциясын сынады.

Қытай мен Ресей сыртқы істер министрлері мәлімдемесінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің саммитін өткізуге шақырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG