Accessibility links

Орталық және Шығыс Еуропада коронавирус індеті өршіп, өлім-жітім күрт көбейді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Covid індетінің үшінші толқынымен күресіп жатқан Еуропа елдерінде жағдай қайта ушыға бастады. Польша, Украина мен Болгарияда соңғы күндері коронавирус жұқтырғандар мен одан көз жұмғандар саны күрт артты. Вакцина салу науқаны баяулап, екпе жетіспей жатыр, ал басшылар індетті бәсеңдету үшін жаңа шектеу енгізіп әлек.

24 наурызда Украинада коронавирус кесірінен өлгендер бойынша антирекорд тіркелді, ал Болгарияда пандемия басталғалы бері ең көп науқас есепке алынды.

Украина денсаулық сақтау министрі Максим Степановтың айтуынша, өткен тәулікте Covid-тен 342 адам қайтыс болған. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Елде бір тәулік ішінде коронавирус жұқтырған 14 174 адам тіркелді. Індет басталғалы бері мұнда 1,5 миллионға жуық кісі вирус жұқтырып, 30 773 адам көз жұмған.

Польшада өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 29 978 кісі есепке алынды. Бұл – пандемия басталғалы бергі ең үлкен көрсеткіш. Ел үкіметі қазіргі жартылай локдаун режимін қатаңдатата түсетінін айтты. Болғарияда да індет басталғалы бергі рекорд тіркеліп, бір тәулік ішінде дертке шалдыққан 4 851 адам санаққа алынды. Жеті миллиондай халқы бар Болгарияда жалпы 312 741 адам коронавирус жұқтырып, 12 307 кісі көз жұмған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG