Accessibility links

Түркіменстан басшысы "100 пайыз дауыспен" сенат депутаты болды


Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхаммедов.
Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхаммедов.

Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов жаңадан жасақталған сенаттың (Халық мәслихаты) құрамына енді. Мемлекеттік БАҚ 29 наурызда Бердімұхамедовтің "100 пайыз дауыспен" сенаттағы орындардың бірін иеленгенін хабарлады.

Жеке басқа табынушылық жойылмаған мемлекетте 63 жастағы Бердімұхамедов мемлекет басшысы және премьер-министрі қызметін қатар атқарады.

Жергілікті БАҚ сайлауды "Түркіменстанның демократиялық тұрғыда алға жылжуының айқын дәлелі және ұлт көшбасшысы жүргізген түпкілікті реформалардың шыңы" деп атады.

Былтыр қыркүйек айында парламент конституцияға өзгеріс енгізген, содан бері елде алғаш рет сайлау өтіп отыр. БАҚ-тың жазуынша, 112 кандидат парламенттің жоғарғы палатасындағы 48 орынға таласқан. Ақпарат құралдары сайлаудың "әділ" өткенін және оны "тәуелсіз жергілікті бақылаушылардың" қадағалағанын жазды.

Сенаттың сегіз мүшесін Бердімұхамедовтің өзі тағайындайды. Сайлау жанама құпия дауыс беру арқылы өткен. Аймақтар мен астанадан сайланған 231 сайлаушы сенат депутаттарын таңдайды.

"Сайлау бәсекеге сай өтті – 48 кандидаттың әрқайсысын отандастардың құрметіне ие болған 2-3 адам сайлады" деп хабарлады БАҚ.

Шетел бақылаушыларына сайлауды бақылауға рұқсат етілмеді және оппозиция кандидаттарына да жол берілмеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG