Accessibility links

Макрон, Меркель және Путин Навальный, Сирия, Украина, вакцина мәселелерін талқылады


Солдан оңға қарай: Украина, Германия, Франция және Ресей басшылары.

Франция президенті Эммануэль Макрон және Германия канцлері Ангела Меркель Ресей президенті Владимир Путинмен коронавирусқа қарсы вакцина алу мүмкіндігі мәселесін талқылады. Бұл туралы 30 наурызда Франция президенті әкімшілігі хабарлады.

Видеожиын кезінде сонымен бірге Макрон мен Меркель Владимир Путинге саяси оппоненті Алексей Навальныйдың құқықтарын құрметтеп, оның денсаулығын түзеуге барынша жағдай жасау қажеттігін айтқан.

Елисей сарайы таратқан хабарламада сонымен бірге үш мемлекет басшысының Украина, Беларусь, Ливия, Сириядағы жағдайды талқылап, Иранға халықаралық міндеттемелерін орындату үшін бірігіп күш салуға келіскені жазылған.

Кремль үш басшының “Еуроодақта ресейлік Спутник V вакцинасын тіркеу мен одақ аумағында оны шығару мүмкіндігін” талқылағанын растады. Кремльдің хабарлауынша, Путин Навальныйдың ісі төңірегіндегі жағдайды түсіндірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG