Accessibility links

Covid: Бразилияда адам өлімінің рекордтық көрсеткіші тіркелді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бразилияда бір күнде коронавирустан 3 780 адам қайтыс болды. Індет басталғалы бері бұл елде мұндай көрсеткіш тіркелмеген. Әлемде коронавирустан қайтыс болғандардың төрттен бірі Бразилияда тіркелген. Адам өлімі көрсеткіші (317 646) бойынша ол АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.

Бразилияда коронавирустың тез жұғатын түрі анықталған. Жаңа вирусқа P.1 атауы берілді, ол бұрынғы түріне қарағанда тез жұғады әрі қауіптірек. Індет елдің денсаулық сақтау жүйесін титықтатып жіберген.

Ал Германия 31 наурыздан бастап 60 жастан асқандар мен әлсіз топтарға AstraZeneca вакцинасын салуды шектей бастады. Бұған дейін вакцина жөніндегі комиссия екпе алған кейбір адамдардың азғасында қанның қоюлануы байқалғанын айтқан. Жаңа хаттамаға сәйкес, AstraZeneca 60 жасқа дейінгі адамдарға салынады, онда да "дәрігерлердің бақылауымен және анализ жасалғаннан кейін" пайдаланылады.

Осы айда Еуропаның бірқатар елдері AstraZeneca вакцинасы адам ағзасында тромбылардың түзуіне ықпал етеді деген хабарға алаңдап, вакциналауды тоқтатқан. Бірақ Еуропаның реттеуші органы вакцинаның қауіпсіз әрі тиімді екенін айтқаннан кейін вакциналау науқаны жалғасқан.

30 наурызда ағылшын-швед компаниясының AstraZeneca вакцинасының атауы Vaxzevria болып өзгертілді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG