Accessibility links

Болгарияда бір жыл наразылықтан кейін парламент сайлауы өтіп жатыр


Болгариядағы дауыс беру.
Болгариядағы дауыс беру.

Болгарияда Бойко Борисовтың үкіметіне қарсы бір жылға созылған жаппай наразылықтан кейін парламент сайлауы өтіп жатыр. Борисовтың "Азаматтар еуропалық даму үшін" (GERB) партиясы билікті ұстап қалғысы келеді.

Қоғамдық пікір сауалнамасы GERB партиясы өзгелерден озып, 23 пайыз шамасында дауыс жинайды дейді. Бірақ бұл партиясы 2009 жылдан бері парламент сайлауына қатысып жүрген премьер-министр үшін ең нашар нәтиже болмақ.

"Сайлаушылардың қандай шешім қабылдайтыны мен үшін әрдайым маңызды болатын. Сайлау әділ өтсін" деді Бойко Борисов. Оның бұл сөзі GERB партиясының үкімет басшысының сайлау учаскесіне барып, дауыс беруіне орай шығарылған баспасөз хабарламасында келтірілген. Коронавирус карантиніне байланысты премьер-министрдің дауыс беруі кезінде сайлау учаскесінде журналистер болмаған.

Елде барлығы 12 мың сайлау учаскесі ашылған. Сайлаушылар саны – 6,7 миллион. Олар парламенттің 240 мүшесін сайлайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG