Accessibility links

Жазушы Қабдеш Жұмаділов қайтыс болды


Қабдеш Жұмаділов.
Қабдеш Жұмаділов.

5 сәуірде 85-ке қараған шағында жазушы Қабдеш Жұмаділов қайтыс болды. Жазушының дүниеден өткенін Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек растады.

– Негізі Covid-пен ауруханада жатқан. Бірақ дәрігерлер жүрек аурынан қайтыс болды дейді. Нақты әлі біле алмай отырмыз, – дейді Ақберен Елгезек.

Бірнеше роман, ондаған әңгіменің авторы Қабдеш Жұмаділов шығармаларында Қытай қазақтарының мәселерін де көтерген. Елдегі қоғамдық-саяси мәселелерге пікірін жиі айтып отырған. 2011 жылғы Жаңаөзен мен Шетпедегі қантөгісті сынап, билікті айыптаған.

Жазушы 1936 жылы 24 сәуірде Қытайдың Шыңжаң өлкесі Тарбағатай аймағындағы Шәуешек ауданында дүниеге келген. Сол жақта Шәуешек гимназиясын тәмамдаған. 1956 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түскен. Алайда көп ұзамай Қазақстанмен байланыс орнатқаны үшін қытай үкіметінің қысымына ұшыраған. 1960 жылдары Қазақстанға біржола оралған. Шығыс Түркістан қазақтарының өмірі мен азаттық жолындағы күресі суреттелген "Тағдыр" романы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты алған. Жазушының "Соңғы көш", "Дарабоз", "Қылкөпір" және тағы басқа шығармалары бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG