Accessibility links

HRW әйелдерді ауған бейбіт келіссөзіне араластыруға шақырды


"Талибан" жетекшісінің орынбасары Абдул Гани Барадар (ортада) Мәскеудегі конференцияға қатысуға келе жатыр. 18 наурыз 2021 жыл.
"Талибан" жетекшісінің орынбасары Абдул Гани Барадар (ортада) Мәскеудегі конференцияға қатысуға келе жатыр. 18 наурыз 2021 жыл.

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы әйелдер Түркияда өтетін конференцияның "тең құқылы қатысушысы" болуы тиіс деп мәлімдеді. Сәуір айының ортасына белгіленген жиын ауған бейбіт келіссөзіне жаңа импульс береді деп айтылады.

Бұған дейін Ауғанстандағы адам құқығын қорғаушылар 16 сәуірде Стамбулда өтетін келіссөзге әйелдердің тек жанама қатысатынына алаңдаған.

Кездесуге БҰҰ өкілдері мен ауған үкіметінің шенеуніктері және тәліптер қатысады. Онда Ауғанстандағы жағдайды бейбіт шешу мәселесі де қаралады.

7 сәуірде жарияланған мәлімдемеде HRW БҰҰ-ның жоғары лауазымды тұлғаларын әйелдерді жанама шаралар ғана емес, негізгі келіссөзге де араластыруға үндеген.

Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан құқық қорғау ұйымы мәлімдемеде алдағы кездесуге әйелдерді толық қатыстыру мәселесін АҚШ та қамтамасыз етуі тиіс деп атап өткен. АҚШ Ауғанстаннан әскерін алып кетер алдында ауғанаралық бейбіт келіссөзді жандандыруға күш салып жатыр. HRW өткен айда Мәскеуде болған бейбіт келіссөзді алға жылжытуға арналған жиынға бір ғана әйелдің қатысқанына назар аударады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG