Accessibility links

Адвокат: Навальныйдың омыртқасында "жарық" бар, қолы ұйиды


Оппозициялық саясаткер Алексей Навальный.
Оппозициялық саясаткер Алексей Навальный.

Ресейде түрмеде отырған оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың омыртқааралық дискінде екі жарық пайда болған, қолы сезуден қалып барады. Бұл туралы түрмеге кіріп шыққан авдокаттардың бірі хабарлады.

Адвокат Ольга Михаилова "Дождь" телеарнасына берген сұхбатында түрме дәрігерінің медицинада ұзақ жылдан бері қолданылмайтын "ауруды басатын" диклофенак пен никотин қышқылы дәрісін жазып бергенін, бірақ Навальныйдың оны қабылдаудан бас тартқанын айтты.

44 жастағы Навальный жақында белі қатты ауыратынын, аяғы ұйи беретінін айтқан. Ол 24 наурызда компьютерлік томографиядан өткен. Бірақ ертесінде түрме әкімшілігі "Интерфакс" агенттігіне оның жағдайы "орташа" деп мәлімдеген.

Навальный 7 сәуірде келген адвокатына компьютерлік томографияның суретін беріп жіберген. МРТ суретін сараптаған Михаилованың айтуынша, оның омыртқа дискінде екі грыжа бар және дискі ісініп кеткен.

Оның сөзіне қарағанда, түрме ауруханасына жатқызылғалы бері Навальныйдың дене қызуы төмендеген. 5 сәуірде оппозициялық саясаткер респираторлық ауру белгілерімен ауруханаға түскен еді. Алғашқы ПТР тест қорытындысы оған коронавирус жұқпағанын көрсеткен. Адвокат тестің екінші қорытындысын күтіп отырғанын айтты.

"Навальный ісі" бойынша толық ақпаратты оқыңыз

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG