Accessibility links

2026 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 28 адам өлімі тіркелді


Коронавирусқа қарсы вакцинаны егейін деп жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.
Коронавирусқа қарсы вакцинаны егейін деп жатқан медицина қызметкері. Көрнекі сурет.

Кеше, 12 сәуірде Қазақстанда тағы 2016 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 10 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. 28 адам өлімі тіркелді: 24 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясы мен адам өлімі бойынша екі бұрынғы мәліметті жариялап келеді.

Науқастар саны жөнінен Алматы қаласы әлі алда тұр. Дүйсенбі күні мұнда 598 науқас анықталған. Нұр-Сұлтанда – 337, Шығыс Қазақстан облысында – 20, Павлодар облысында – 57, Атырау облысында – 34, Қарағанды облысында – 203, Ақмола облысында – 90, Батыс Қазақстан облысында – 113, Алматы облысында – 263, Қостанай облысында – 30, Солтүстік Қазақстан облысында – 31, Шымкент қаласында – 20, Жамбыл облысында – 51, Ақтөбе облысында – 85, Түркістан облысында – 24, Маңғыстау облысында – 9, Қызылорда облысында – 51 науқас анықталған.

2020 жылдың наурыз айынан бері елде 273 825 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 3260 адам қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "өзге аурудан қайтыс болды" деген мыңға жуық адам өлімі енбеген.

Қазақстан үкіметі былтыр тамыздан бері вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмония есебін жүргізіп келеді. Содан бері елде барлығы 51 409 адам пневмонияның осы түрімен тіркелген. Оның 731-і қайтыс болған. Бұл дерек коронавирустың ресми статистикасынан бөлек жүргізіледі. Бірақ халықаралық ұйымдар Қазақстанның бұл екі дерегін біріктіріп көрсетіп отыр.

Қазір 35 178 адам коронавирустан емделіп жатыр. 34 мыңнан астамының коронавирус тесті оң шыққан. 586 адамның жағдайы ауыр, 175 науқастың халі өте ауыр. 112 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Үкімет те, сарапшылар да Қазақстанда вакциналаудың баяу жүріп жатқанын айтады. 13 сәуірдегі мәлімет бойынша, елде 384 мың адам "Спутник V" екпесінің бірінші дозасын алса, 106 мың адам екі дозасын да алған. Коронавирусқа қарсы өзге вакциналар секілді "Спутник V" екпесі де екі дозадан тұрады. Екіншісі біріншісінен кейін 21 күн өткенде салынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG