Accessibility links

Мьянма: Қамауда отырған Аун Сан Су Чжиге жаңа айып тағылды


Аун Сан Су Чжидің суретін ұстап тұрған наразылар. Наурыз, 2021 жыл.
Аун Сан Су Чжидің суретін ұстап тұрған наразылар. Наурыз, 2021 жыл.

Мьянмада биліктен кетірілген лидер Аун Сан Су Чжиге жаңа айып тағылды. Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығының лауреаты 75 жастағы Су Чжиге осымен алтыншы рет айып тағылып отыр. Ол 1 ақпанда – қарулы күштер билікті басып алған күні қамауға алынған.

12 сәуір күнгі сотқа Су Чжи видеобайланыспен шығып қатысқан. Сол отырыста оған алтыншы айыптың тағылғаны белгілі болды. Осыған дейін Су Чжи өзін адвокаттармен кездестіруді сұраған еді. Ол ұсталғалы бері адвокаттармен тек видеобайланыс арқылы сөйлескен.

“Су Чжиге апаттың алдын алу туралы заңның 25-тармағына сәйкес айып тағылды” деді сот тыңдауынан кейін адвокат Мин Мин Со. France-Presse агенттігі адвокаттың сөзінен үзінді келтірді.

1 ақпанда Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Мьянмада әскери төңкеріс болып, Аун Сан Су Чжидің азаматтық үкіметі биліктен кетірілген. Ел басына келгендер заңды сайланған үкіметке біраз айып таққан, бірақ Аун Сан Су Чжи жақтастары мұның бәрі ойдан шығарылған айып деп есептейді. Төңерістен бері елдің түкпір-түкпірінде әскери үкіметке қарсы наразылық болып жатыр. Көтерілісті басып-жаныштау кезінде кемінде 700 адам қаза тапты, 2600-ге тарта кісі тұтқындалды.

Су Чжиге өмір бойы лауазымды қызметпен айналысуға тыйым салуды қарастыратын бірқатар қылмыстық айыптар тағылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG