Accessibility links

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ауысты


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында. Нұр-Сұлтан, 16 сәуір 2021
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында. Нұр-Сұлтан, 16 сәуір 2021

16 сәуірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Марат Ахметжанов тағайындалды. Бұған дейін агенттікті басқарған Алик Шпекбаев қызметінен босатылды. Жұма күні Ақорда сайтында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған арнайы жарлықтар жарияланды.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарлауынша, президент Тоқаев Шпекбаевқа "жемқорлық пенкүресте ауқымды жұмыс атқарғаны үшін" алғыс айтқан. Тоқаев жұма күні жемқорлықпен күрес кеңесінің отырысында жемқорлықпен кешенді жұмыс атқару қажеттігін де атап өткен. Президент " мұндай шаралар қылмыстық қудалау әрекетімен ғана шектелмеуі керек...Агенттік жұмыс барысында жіберілетін қателіктерді қасақана жасалған қылмыстардан ажырата білуге тиіс. Сондай-ақ, кінәлі адамды қылмыстың барлық құрамы болған кезде ғана жауапқа тартуы қажет" деген.

Марат Ахметжанов 2016 жылдың маусым айынан бері бас прокурордың орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне жетекшілік еткен. Ал Алик Шпекбаев 2019 жылдың маусым айынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болған.

Жемқорлықпен күрес агенттігі билік тармақтарында жұмыс істейтін шенеуніктердің жемқорлықпен ұсталғанын жиі хабарлайды. Билік "парақорлықпен күресетін" көптеген бағдарлама ұсынса да, Қазақстан әлемдік жемқорлық индексінде "парақорлық жайлаған елдердің" қатарында тұр. Ресми мәлімет бойынша, былтыр республика деңгейіндегі - 34, облыс деңгейіндегі - 72, қала және аудан деңгейіндегі 89 басшы қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған.

Жұма күні "ҚазАвтожол" ұлттық компаниясының басшысы Ұлан Әліповтің қызметінен босатылғаны да белгілі болды. Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында мемлекет басшысының Әліповтің жұмысына көңілі толмағанын жазды.

"Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды" делп жазды Уәли.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG