Accessibility links

Израиль халқының 80 пайызына вакцина салынғаннан кейін шектеулерді ала бастады


Израиль билігі жексенбі күні далада маска тағып жүру ережесін алып тастады. Вакциналау бойынша әлемде бірінші орында тұрған елде коронавирус жұқтырғандар да едәуір азайып, шектеу шаралары алына бастаған.

Сәуір айының ортасында Pfizer/BioNTech вакцинасының екі дозасын алғандар (16 жастан асқандарға салынған) халықтың 80 пайыздан астамын құрады. Қаңтар айының ортасында күніне 10 мыңнан астам науқас тіркелген Израильде коронавирус жұқтырғандар ақпан айында азайып, кейінгі апталарда күніне 200-300 адамнан вирус анықталып жүр. Ауруханаға түскендер мен адам өлімі де азайған. Індет өршіген кезде елде күніне 100-ге дейін адам өлімі тіркелген болса, қазір бұл көрсеткіш 10-ға түскен.

Премьер-министр Биньямин Нетаньяху дегенмен індет аяқталды деп айту әзірге ерте деп санайды.

Шекаралар әлі жабық, елге кіру бойынша шектеу шаралары күшінде тұр. Қазір шектеу біртіндеп алынып жатыр.

Маска режимі шамамен бір жыл бұрын енгізілген. Бірақ жабық ғимарат ішінде халық әлі маска тағып жүруге міндетті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG