Accessibility links

Қазақстанда 2754 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 23 адам қайтыс болды


Жедел жәрдем көлігі.

Қазақстанда 18 сәуір күні 2719 адамнан коронавирус анықталды. Барлығының ПТР-тесті оң шыққан. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясы мен адам өлімі бойынша екі күн бұрынғы мәліметті жариялап келеді. 17 сәуірде 35 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 23 адам өлімі тіркелген: 22 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Өткен тәулікте Алматы қаласында - 665, Нұр-Сұлтан қаласында - 436, Алматы облысында – 251, Қарағанды облысында – 220, Ақтөбе облысында – 206, Батыс Қазақстан облысында – 205, Шымкентте – 114, Атырау облысында – 110, Ақмола облысында – 98, Шығыс Қазақстан облысында – 85, Маңғыстау облысында – 80, Түркістан облысында – 53, Павлодар облысында – 50, Жамбыл облысында – 46, Солтүстік Қазақстан облысында - 35, Қызылорда облысында – 35, Қостанай облысында 30 науқас анықталған.

Коронавирустан бір күнде 1773 адам емделіп шыққан.

Елде коронавирус жұқтырғаны расталғандардың жалпы саны 289 мыңнан асып отыр. 248 мыңнан астамы жазылып үлгерген.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамыздан бастап Covid жұқтырғаны ПТР әдісімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. 1 тамыз бен 15 сәуір аралығында пневмонияның бұл түрімен барлығы 51 879 адам тіркелген. Оның 751-і қайтыс болған.

Елде 695 мыңнан астам адамға коронавирусқа қарсы екпенің бір дозасы салынған, 118 мыңнан астамы екі дозасын алған. Мамандар халықтың кемінде 60 пайыздан астамына вакцинаның екі дозасы егілген кезде ұжымдық иммунитет қалыптасуы мүмкін екенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG