Accessibility links

ФСИН: Алексей Навальный түрмеден ауруханаға ауыстырылады


Алексей Навальный.
Алексей Навальный.

Ресей түрмесінде 31 наурыздан бері аштық ұстап жатқан оппозициялық саясаткер Алексей Навальный түрмеден ауруханаға ауыстырылады. Бұл туралы Ресей федералдық қылмысты орындау қызметінің (ФСИН) Владимир облысы бойынша басқармасы хабарлады.

Оппозиционер ауыстырылады делінген аурухана Владимир облысындағы ИК-3 колониясында орналасқан. ФСИН Навальныйдың денсаулығын орташа деп бағалайды. Хабарламада оппозиционерге өзінің келісімімен витаминдік терапия тағайындалғаны жазылған.

Ақпарат құралдары ИК-3 түрмесінде азаптау бар екенін жазады. Түрменің бұрынғы қызметкерлері ол жаққа тұтқындарды "қайта тәрбиелеп", қылмысты мойындату үшін ауыстыратынын айтқан. Сотталушылар ауруханада өздеріне психтропты препараттар егіп, азаптап, зорлағанын мәлімдеген.

Осыған дейін Навальныйды емдеген дәрігерлер оның қан анализінің қорытындысын жариялаған. Олар оппозиционердің халі өте мүшкіл екенін айтқан. Дәрігер Анастасия Васильева Навальныйдың жүрегі тоқтап қалуы мүмкін екенін де ескерткен.

  • 2 ақпанда Мәскеудің Симонов соты Алексей Навальныйды 2014 жылы "Ив Роше ісі" бойынша шыққан шартты жаза ережелерін орындамады деп саясаткерді түрмеге жіберген. Еуропаның Адам құқығы жөніндегі соты істің саясиланғанын айтқан. Оппозиционер түрмеде шамамен 2,5 жыл болады. ​
  • Наурыз айының ортасында Навальный белі мен аяғының ауыратынына шағымданған. 31 наурызда өзіне қажетті дәрежеде медициналық көмек көрсетілмей жатқанын мәлімдеп, аштық жариялаған. Компьютер томографиясы оның омыртқа дискісінде "грыжа" барын көрсеткен. Осыған дейін саясаткер "респираторлық ауру белгілерімен" түрменің медициналық бөліміне жатқызылған. Ол адвокаттарына отрядтағы 15 адамның үшеуінен түбіркүлез анықталып, ауруханаға түскенін хабарлаған. Ал түрме дәрігерлері Навальныйдың өзі де қатты жөтеліп, дене қызуы жоғары болғанын айтқан.
  • Наурыз айының соңында мыңнан астам дәрігер билікке ашық хат жазып, саясаткерге тәуелсіз дәрігерді кіргізуге шақырған.
  • Жексенбі күні Навальный штабы 21 сәуірде саясаткердің бостандығын талап етіп, митинг өткізетінін хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG