Accessibility links

Қырғызстанда бірнеше адамның уқорғасыннан уланып, ауруханаға түскені хабарланды


Президент Жапаров ұсынған "дәріден" адамдар уланып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:27 0:00

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 20 сәуірде екі адамның уқорғасыннан уланып, ауруханаға түскенін хабарлады. Министрлік мәліметінше, сейсенбі күні Бішкек травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының токсикология бөліміне 1950 және 1955 жылғы ерлі-зайыптылар жағдайы ауыр күйде түскен. Алдын ала диагноз – уқорғасыннан улану.

"Пациенттердің сөзіне қарағанда, олар ұзақ уақыт емдік мақсатында уқорғасын тұнбасын ішіп, жақын арада дозасын ұлғайтқан. Жүрек-қантамыр қызметі қалпына келгеннен кейін зардап шеккендердің жағдайы тұрақтанды. Интенсивті терапия жалғасып жатыр" деді министрлік өкілдері.

Ведомство сонымен бірге 20 сәуірде 1958 жылғы ер адамның ұлттық кардиология және терапия орталығының реанимация бөліміне түскенін айтты. Бұған дейін ақпарат құралдары ер адамның жедел жәрдем қызметі өкілдеріне уқорғасынды ішкенін хабарлағанын жазған. Министрліктің мәліметінше, ер адам ауруханаға жағдайы ауыр күйде түскен. Науқаста әлсіздік, жүрек айнуы, лоқсу, жүрек ақауы белгілері болған. Алдын ала диагнозы – белгісіз затпен улану. Мамандар улы заттың құрамын анықтап жатыр.

15 сәуірде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Facebook-тағы парақшасында "коронавирустан 1-2 күн ішінде емдейтін дәрі табылғанын" хабарлаған. Бұл ақпаратқа ілесе бірнеше адамның арнайы жабдықтың көмегімен пластик бөтелкеге сұйықтық құйып жатқаны туралы видео да тараған. Бөтелке сыртында "Ыстықкөл тамыры" деген жазу бар.

Ертесінде денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев баспасөз жиынында мемлекет басшысының дәрігерлерді "қалай оқытып" жатқанын айтып берген. Министрдің айтуынша, улы өсімдіктің тұнбасын қалай жасау керектігін Жапаров қана біледі. Соның көмегімен 350-ден астам науқас емделіп шыққан-мыс.

Бірқатар сарапшылар мен дәрігерлер шенеунікке Ыстықкөл тамыры немесе уқорғасынның өте улы өсімдік екенін, тіпті оны дене сыртына қолдану қауіпті екенін ескерткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы клиникалық сынақтан өтпеген препараттың тіркелуі мүмкін емес екенін және пайдалануға ұсынылмайтынын айтқан.

Бұған дейін Facebook желісі "әлеуметтік желі ережесін бұзғаны үшін" Садыр Жапаровтың уқорғасын жайлы жазбасын өшірген. Президенттің Instagram-дағы жазбасы да жойылған. ​

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG