Accessibility links

Ресейдің түкпір-түкпірінде Навальный жақтастарының митингілері өтіп жатыр


Мәскеудегі Навальный жақтастарының митингісі. 21 сәуір, 2021 жыл.
Мәскеудегі Навальный жақтастарының митингісі. 21 сәуір, 2021 жыл.

Мәскеуде, Санкт-Петербургте және Ресейдің басқа көп қаласында түрмедегі оппозиционер Алексей Навальный жақтастарының митингілері өтіп жатыр. Азаттықтың Орыс қызметі Мәскеу орталығынан тікелей эфирде хабар таратады.

Омбы, Ресей. Навальный жақтастарының митингі. 21 сәуір, 2021 жыл.
Омбы, Ресей. Навальный жақтастарының митингі. 21 сәуір, 2021 жыл.

Құқық қорғау органдары Навальный жақтастары жиналуға шақырған Мәскеудегі Манежная алаңын жауып тастады. Оппозиционерді қолдайтындар Ресей астанасының басқа жерлерінде де жиналып жатыр. Бірнеше адамның ұсталғаны туралы ақпарат бар, дегенмен полиция әзірге шараға қатысушыларды қуып таратқан жоқ.

Петербургте Дворцовая алаңы қоршалды. Жұрт Исаакиев соборының қасына топтасты. Ұсталғандар туралы мәлімет жоқ.

21 сәуірде Ресейдің әр түкпіріндегі ондаған қалада наразылық митингілері өтіп жатыр. Қаңтардың соңындағы митингілермен салыстырғанда ұсталған адам саны аз. "ОВД-Инфо" ұйымының мәліметі бойынша Мәскеу уақытымен сағат 19-да Уфа, Челябинск, Екатеринбург, Барнаул және Новокузнецк қалаларында 300-ден астам адам ұсталған.

Мәскеудегі Навальный жақтастарының наразылық митингі. 21 сәуір, 2021 жыл.
Мәскеудегі Навальный жақтастарының наразылық митингі. 21 сәуір, 2021 жыл.

Навальный өзі қалаған дәрігерді жіберуді талап етіп, аштық жариялап жатыр. Билік болса оған барлық көмек көрсетілгенін айтады. Наразылық шарасына қатысушылар Навальныйға медициналық көмек көрсетуді және оны бостандыққа шығаруды талап етіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG