Accessibility links

Назарбаев "Самұрық-Қазына" қорының бұрынғы басшысы Ахметжан Есімовті өзінің көмекшісі етіп тағайындады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев EXPO көрмесі аумағында тұр. Сол жағында "Астана ЭКСПО" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов. 1 маусым 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев EXPO көрмесі аумағында тұр. Сол жағында "Астана ЭКСПО" ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов. 1 маусым 2017 жыл.

2019 жылы отставкаға кетсе де саяси ықпалын сақтап қалған Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының бұрынғы төрағасы Ахметжан Есімовті өзінің штаттан тыс көмекшісі етіп тағайындады. Бұл туралы экс-президенттің сайты хабарлады.

Наурыз айының соңында Есімов ұлттық компаниялар мен қосалқы кәсіпорындар кіретін "Самұрық-Қазына" қорының төрағасы қызметінен кеткен. Оның отставкаға кету себебі айтылмады. Оның орнын Алмасадам Сәтқалиев басты.

70 жастағы Есімов ұзақ жыл мемлекеттік қызметте істеген: премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі, Алматы қаласының әкімі болды. Астанада Экспо-2017 халықаралық көрме өткізу мен нысандарын салу ісіне жауапты болды. 2017 жылдың желтоқсан мен 2019 жылдың наурызы аралығында квазимемлекеттік сектордағы компанияларды біріктіретін қорды басқарып, кейінгі жылдары қордың түсімі түсіп кеткеннен кейін сынға ұшыраған.

"Самұрық-Қазына" қорының төрағасы болып тұрған шақта Есімов "тамыр-таныстыққа жол бергені үшін" де сыналды: қор шамамен 350 млн доллар қаражатын бұрынғы күйеуі баласы Ғалымжан Есенов бақылауындағы АТФ банкте сақтаған. Ақшаны бұл банкте сақтау қор ережесіне қайшы, себебі заң бойынша қор қаражаты рейтингі "А"-да тұрған банктерде сақталуы тиіс, ал АТФ банктің рейтингі ол кезде "B" болған. 2020 жылы қараша айында Есенов АТФ банкті Jýsan bank-ке сатты.

Есімов басқарып тұрған кезде қордың табысы (салық, материалдық активтердің тозуы және экономикалық амортизацияны шегермегенде) 2017 жылғы көрсеткіш - 18,7 пайыздан 16,5 пайызға түсіп кеткені хабарланды. Былтыр есеп комитеті қорда сатып алу процедураларында әлі күнге дейін ашықтық жоқ деп атап көрсеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG