Accessibility links

Ақын Жәркен Бөдешұлы дүниеден өтті


Ақын Жәркен Бөдешұлы.
Ақын Жәркен Бөдешұлы.

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Жәркен Бөдешұлы 76 жасына жасына қараған шағында қайтыс болды. Бұл ақпаратты Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек растады.

"Қазақ әдебиеті мен руханияты тағы да қара жамылды. Сұм ажал арамыздан ғаламат ойшыл-ақын, періштедей ақ көңіл адам Жәркен Бөдешұлын алып кетті. Барша қазаққа қайғыра көңіл айтамын. Жәркен ағамыздың рухы бейіштің төрінде шалқысын. Алла алдынан жарылқасын" деп жазды Ақберен Елгезек Facebook-тегі парақшасында.

Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда Қытайдың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстанда түрлі басылымдарда және мемлекеттік кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған.

Оның "Аңырақай бекетіндегі ой", "Қарауыл төбе", "Генерал Жаһар Дудаев", "От пен су", "Тас бесік", "Бостандықтың басы", "Шер", "Жалғыз" атты дастандары жарияланған. "Жұлдызға орнын ай бермес", "Көкше құрақ", "Қос қанат" өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген.

Ақберен Елгезектің хабарлауынша, Жәркен Бөдешұлымен қоштасу жиыны 23 сәуірде сағат 10:00-де Алматыда өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG