Accessibility links

Қырғызстан соты әйел өліміне байланысты айыпталған ер адамға өмірлік түрме жазасын берді


Адам өлтіру бабы бойынша өмірлік түрме жазасына кесілген айыпталушы.
Адам өлтіру бабы бойынша өмірлік түрме жазасына кесілген айыпталушы.

Қырғызстанның Нарын облысы Кошкор ауданының соты 23 жастағы әйелді өлтірді деп айыпталған жергілікті тұрғынға өмірлік түрме жазасын берді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Сот үкімі 20 сәуірде шыққан. Әлі заңды күшіне енген жоқ.

Әйелдің мәйіті биыл 23 қаңтарда Ак-Кия ауылы маңындағы қора-жайлардың бірінен табылған. Кейінірек оның өліміне байланысты 25 жастағы ер адам ұсталған. Кейбір ақпарат құралдары ер адамның оны атпен сүйрегенін жазған.

Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, Қырғызстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғалары барған сайын көбейіп барады. 2021 жылдың алғашқы екі айында елде сондай 1463 факт тіркелген. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 оқиғаға көп. 2012 мен 2015 жылдары жыл сайын 2500-3500 аралығында факт тіркеліп отырған. 2016-2018 жылдары бұл көрсеткіш жеті мыңнан түспеген. Ал былтыр 9000-нан асып кеткен. Статистика бойынша, істердің 90 пайызы сотқа жетпей, түрлі себепке байланысты жабылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG