Accessibility links

ФСБ Сібірде "Хизб ут-Тахрир мүшелері" ұсталғанын хабарлады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің Сібірдегі Кемерово және Новосібір қалаларының қауіпсіздік қызметі тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" тобы мүшелерінің ұсталғанын хабарлады. Адам құқығын қорғау ұйымдары үкіметті терроризммен күрес баптарын асыра пайдаланды және сыншылар мен діни топтарды қудалау үшін "құпия куәгер" сияқты түрлі күмәнді әдістер пайдаланады деп айыптады.

Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) 21 сәуірде тыйым салынған діни топты қолдады деп күдікке ілінгендердің "халифат құру доктринасына сүйене отырып конституцияға қайшы әрекет еткенін" хабарлады. Бірақ қанша күдіктінің ұсталғанын нақтыламады.

Орталық Азия аумағында да тыйым салынған "Хизб ут-Тахрир" – әлем мұсылмандарын ислам халифаты төңірегіне топтастыруды көздейтін Лондонда шоғырланған ұйым. Бірақ аталған діни топ бұл мақсатқа бейбіт жолмен жеткісі келетінін айтады.

Ресейде осы топты қолдады деген күдікпен жастардың ұсталуы ата-аналар наразылығын туғызды. Олар балаларының саяси себеппен қудаланып жатқанын алға тартады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG