Accessibility links

АҚШ басқа мемлекеттер демеушілігімен шыққан аудио- видеоөнімге белгі соғуды міндеттеді


Ресей қаржыландыратын RT телеарнасының студиясы
Ресей қаржыландыратын RT телеарнасының студиясы

Америкада радио мен теледидардан берілетін шет мемлекеттің немесе шетелдік саяси партиялардың тапсырысына я ақшасына жасалған барлық видео және аудио материалға тиісті белгі қойылуы тиіс. АҚШ-тың федералдық байланыс комиссиясы (FCC) осындай шешім қабылдады.

Радио немесе телебағдарламаның соңында және басында, сағатына бір реттен сиретпей эфирде "бұл бағдарлама (шет мемлекеттің атауы) тапсырмасы бойынша шетелдік мемлекеттік мекеменің толық немесе ішінара қатысуымен (демеушілік етуімен, қаржыландыруымен) әзірленді" деп ескертілуі тиіс. Хабарландыру экранда кемінде төрт секунд тұруы керек және "кадр биіктігінің" кемінде төрт пайызын алуы керек.

Бұл шешімнің мақсаты - шетел үкіметтері қоғамға жік салатын мәселелер жиі талқыланатын бағдарламаларға демеушілік жасайтынын Америка көрермендеріне ескерту. "Америкалықтар шетел үкіметі АҚШ халқын бір нәрсеге сендіруге тырысып жатқанын білуі керек" делінген FCC мәлімдемесінде. Осы шешімді талқылау барысында федералдық байланыс комиссиясының басшысы Джессика Розенворсель Қытай және Ресей үкіметтері қаржыландырған бағдарламалар Вашингтонда көрсетілетінін еске салды.

Шетелдік компаниялар мен азаматтардың Америка Құрама Штаттарында теледидар мен радиостанцияларға иелік етуге құқығы жоқ, сондықтан олар америкалықтардан эфир уақытын сатып алады. Мәселен Вашингтондағы радиостанциялардың бірі ресейлік "Спутник" радиосының ағылшын тіліндегі хабарларын тәулік бойы таратады. Бұл радионың хабарлары АҚШ-тың басқа аймақтарында да беріледі. Russia Today (RT) телекомпаниясы Америка қалаларындағы кабельдік желілер арқылы көрсетіледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG