Accessibility links

Үндістанда Covid індеті күш алды. Науқастар аурухана кезегінде көз жұмып жатыр


Коронавирус жұқтырған науқас. Дели, Үндістан, 23 сәуір 2021 жыл.
Коронавирус жұқтырған науқас. Дели, Үндістан, 23 сәуір 2021 жыл.

Үндістанда 20 сәуірден бері коронавируспен миллионнан астам адам тіркелген. 24 сәуірде Covid инфекциясы 350 мыңға жуық адамнан анықталған. 23-24 сәуірде екі күн қатарынан коронавирустан екі жарым мың адам қайтыс болды.

Баспасөз құралдарының жазуынша, ауруханалар науқастарды қабылдап үлгермей жатыр. Науқастар дәрігер алдында сағаттап кезекте тұруға мәжбүр. Кейбір адамдар сол кезекте тұрып, көз жұмып жатыр. Дәрігерлер халі өте ауыр адамдарды аман алып қалу үшін науқастар толық емдемей шығаруға көшті. Ауруханаларда оттегі жетпейді.

Коронавирус Эверест ауданына да жетті: вирус еуропалық альпинист пен жергілікті жолсеріктен шыққан. Билік бір жылдық үзілістен кейін енді ғана ашылған альпинизм маусымы қайта тоқтап қала ма деп алаңдайды.

Індет басталғалы Үндістанда коронавируспен 17 миллионға жуық адам тіркелді. Оның 192 мыңнан астамы қайтыс болған. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны жөнінен Үндістан АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.

Індет өршіген тұста Үндістанда вакциналау науқаны да қызу жүріп жатыр. Екпені бірінші дозасын ел халқының 8,5 пайызы алып үлгерген. Вакцина дозаларын толық алғандар 1,5 пайыз құрайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG