Accessibility links

Қарағанды, Теміртау және Жезқазғанда бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді


Қарағанды облысында үш қалада – Қарағанды, Теміртау және Жезқазғанда – билік 1 мен 5 сынып оқушыларын қашықтан оқуға көшірді. 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында бастауыш сынып оқушылары үйден білім алады. Демалыс күндері ата-аналар әлеуметтік желіде жаза бастағаннан кейін жексенбі күні жергілікті билік ақпаратты растады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 24 сәуір күнгі ақпарат бойынша төртінші тоқсан басталғалы бері 497 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталған. 347-і – офлайн, 150 оқушы қашықтан оқып келген.

– Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында оқушылар мен білім саласының қызметкерлері арасында коронавирустың таралуын тежеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің кеңесі бойынша 1-5 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі. 9-11 сынып оқушылары қалыпты режимде оқи береді. Жезқазғанда төрт ауылдық мектеп те офлайн оқиды. Облыстың қалған аудандарында оқу бұрынғы тәртіпте қала береді, – деп хабарлады Қарағанды облысының білім басқармасының баспасөз қызметі.

25 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Қарағанды облысы коронавирус бойынша "қызыл аймақта" тұр. Қазір Алматы қаласы, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Маңғыстау облысы, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары да "қызыл аймақта".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG