Accessibility links

"Көшпенділер жері" фильмінің режиссері "Оскар" ұтып алды


Режиссер Хлоя Чжао.
Режиссер Хлоя Чжао.

"Көшпенділер жері" фильмінің режиссері Хлоя Чжао ең үздік режиссер номинациясы бойынша "Оскар" сыйлығын иеленді. Хлоя – Америка киноакадемиясының сыйлығына ұсынылған Азиядан шыққан алғашқы режиссер және "Оскар" тарихында үздік режиссура бойынша сыйлықты жеңіп алған екінші әйел.

39 жастағы Хлоя Чжао 2008 жылғы қаржы дағдарысы кезінде баспанасынан айырылып, АҚШ-ты аралауға мәжбүр болған америкалықтар жайлы түсірген фильмін "өмірде бір рет қана кездесетін ғажайып саяхат" деп атады.

2019 жылы америкалық кинорежиссер Кэтрин Бигелоу Ирактағы әскери операция жайлы баяндайтын драмасы үшін ("The Hurt Locker") "Оскар" алған алғашқы әйел атанған.

Биыл коронавирус індетіне байланысты "Оскар" сыйлығын марапаттау рәсіміне шағын топ қана қатысты. Негізгі рәсім Лос-Анжелестегі "Юнион стейшн" темір жол вокзалы ғимаратында өтті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG