Accessibility links

Батыс Қазақстан облысында блокбекеттер қойылады


Орал көшесі. Көрнекі сурет.
Орал көшесі. Көрнекі сурет.

1 мамырдан бастап Батыс Қазақстан облысында блокбекеттер қайта қойыла бастайды.

Аймақтың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Орал қаласы және "қызыл аймақта" тұрған барлық аудандардың кіреберісіне блокбекеттер қойылады. Қазір облыста мұндай алты аудан бар: Ақжайық, Бәйтерек, Бөрілі, Қазтал, Теректі және Шыңғырлау.

Блокбекеттен жедел жәрдем қызметі, өрт сөндірушілер сияқты шұғыл қызмет көрсететін мамандар, вахта жұмысшылары, жолаушылар және өзінің немесе туысының денсаулығына байланысты жол жүргендер, ауыл шаруашылығы мамандары, егіс басында жұмыс істейтіндер, үйіне қайтып бара жатқан жолаушылар немесе жұмысына бара жатқан азаматтар (олардың жұмыс орнынан анықтама болуы тиіс) ғана өте алады.

Қаулыда сонымен бірге "ерекше жағдайға" байланысты жергілікті әкімдік арнайы рұқсат берген адамдар да өте алады.

Қазір аймақта түнде жүруге шектеу қойылған: тұрғындар жарым түннен бастап таңғы алтыға дейін көшеде жүре алмайды. Дәріхана немесе емханаға шұғыл бару үшін stopcovid.kz сайтында өтініш қалдыру керек.

Батыс Қазақстан облысында ресми мәлімет бойынша індет басталғалы бері 18 613 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 272 адам қайтыс болған. Өткен тәулікте мұнда 166 науқас тіркелді. Облыс коронавирус бойынша "қызыл аймақта" тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG