Accessibility links

АҚШ мемлекеттік департаменті қызметкерлерінің бір бөлігіне Кабулда қалмауға кеңес берді


Кабулдағы жарылыс. 1 шілде 2019 жыл.
Кабулдағы жарылыс. 1 шілде 2019 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаменті Ауғанстан астанасы Кабулда істейтін үкімет қызметкерлерін мүмкіндігінше жұмысын басқа жақта жалғастыруға міндеттейтін ұсыныс әзірлеп шығарды.

"Адам ұрлау, кепілдікке адам алу, теракт, өзін-өзі жару, мина орнату оқиғаларының жиілеуі мен әскери операцияларға байланысты Ауғанстан аумағында қалу қауіпсіз емес" делінген ұсыныс парағында.

Reuters агенттігіне жазбаша жіберген түсініктемесінде АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз қызметі аталған ұсыныс АҚШ-тың Кабулдағы елшілігі қызметкерлерінің шағын бөлігін ғана қамтиды деп айтқан. Бірақ нақты санын көрсетпеген.

"Бұл қадамға байланысты операцияларымызда қандай да бір өзгерістер бола қояды деп ойламаймыз" деді мемлекеттік департамент өкілдері.

Жақында АҚШ президенті Джо Байден Вашингтон Ауғанстанда қалған барлық Америка әскерін яғни, 2500 мың адамды 11 қыркүйекке дейін елге қайтаратынын мәлімдеген. Биыл 2001 жылы 11 қыркүйекте "Әл-Қаида" террористік ұйымы ұйымдастырған Нью-Йорк пен Вашингтондағы терактіге 20 жыл толады. Дәл осы шабуыл халықаралық коалиция күштерін Ауғанстан аумағына кіргізуге түрткі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG