Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасындағы атыста Қырғызстанның 13 азаматы қаза болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 30 сәуір таңертеңгі сағат 7:50-дегі ақпараты бойынша, қырғыз-тәжік шекарасында болған атыста 134 адам жарақаттанған, 13 адам қаза болған.

Дәрігерлердің айтуынша, 25 адам арнайы бортпен Баткеннен Бішкекке жеткізіліп, Бішкек травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығы мен ұлттық госпиталь және ұлттық хирургия орталығына жатқызылған.

"Зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр, қалғанының жағдайы орташа ауыр және салыстырмалы түрде орташа" деді министрлік өкілдері.

Бейсенбі күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жағдай ушығып, атыс болған. Екі жақ бір-бірін жағдайды ушықтырды деп айыптады. Екі мемлекет билігі атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдесе де, куәгерлер 30 сәуірге қараған түні оқиға орнында оқ атылғанын, қырғыз ауылдарынан өрт шыққанын, әскери техника тартылғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG