Accessibility links

Цой: Қазақстандықтар қытайлық вакцинаны да салдыра алады


Вакцина алу үшін кезекте тұрған халық. Нұр-Сұлтан, сәуір айы 2021 жыл.
Вакцина алу үшін кезекте тұрған халық. Нұр-Сұлтан, сәуір айы 2021 жыл.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұма күні халыққа есеп беру жиынында алдағы уақытта тұрғындардың коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаны да таңдай алатынын мәлімдеді.

"Қазақстанда жаппай вакциналауға жіберілген бірнеше вакцина бар. Бұл ресейлік "Спутник V" вакцинасы және қазақстандық QazVac. Бүгін қытайлық технология бойынша өндірілген Sinopharm компаниясының араб вакцинасына да қол жеткіземіз. Бұл вакцинаны да келеді деп күтіп отырмыз, аталған вакцина аймақтарға да жеткізіледі. Осылайша елде үш вакцина болады" деді Цой.

Бұған дейін "СК-Фармация" басшысы "Самұрық-Қазына" қорының қытайлық Sinopharm компаниясынан коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 млн дозасын сатып алғанын хабарлаған. Ақпарат бойынша, бұл вакцина бірінші кезекте "Самұрық-Қазына" қоры қызметкерлері мен отбасыларына салынады. "СК-Фармация" басшысы егер қытайлық вакцина артылса, қалғаны халыққа салынады деп мәлімдеген. Вакцинаның алғашқы партиясы 30 сәуірде келеді деп айтылған.

Қарай отырыңыз: "Самұрық-Қазына" неге Қытай вакцинасын алды? (28 сәуір 2021 жыл).

"Самұрық-Қазына" неге Қытай вакцинасын алды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:54 0:00

Министрліктің айтуынша, Sinopharm-ның Қазақстанға әкелінетін Hayat-Vax вакцинасы Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген.

Алексей Цойдың айтуынша, қазір америкалық өндірушілермен де вакцина алу жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр. Министрдің сөзіне қарағанда, әзірге вакцина тасымалдаудың нақты мерзімі белгіленбеген. Батыс компаниялары әзірлеген вакцина Қазақстанға жазда жетіп қалуы мүмкін.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 млн 184 мың адамға (халықтың 6,3 пайызы) коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасы салынған. Өткен тәулікте 90 мыңнан астам адам екпе алған. Бұл 1 ақпанда вакциналау науқаны басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Бейсенбі күні Түркістан облысында – 10,8 мың адам, Ақмола облысында - 8,7 мың адам, Шымкентте – 7,1 мың адам, Алматыда 7 мың адамға вакцина салынған. Вакциналау науқаны бойынша республика бойынша бірінші орында тұрған Алматыда барлығы 211 мың адам (қала халқының 10,6 пайызы) вакцинаның алғашқы дозасын алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG