Accessibility links

Кабулда бензотасығыш көліктер жарылып, қала қара түтінге оранды


Кабулдың солтүстік бөлігіндегі өрт.
Кабулдың солтүстік бөлігіндегі өрт.

2 мамырға қараған түні Ауғанстан астанасы Кабулда бірнеше бензотасығыш көлік жарылып, кемі жеті адам мерт болды, 14 адам жарақат алды. Жарылыс салдарынан қаланы қара түтін басты.

Жарылыстың қасақана жасалған-жасалмағаны әлі белгісіз. Жарылыс 100-ге тарта жанармай тасығыш көлікті қамтыған болуы мүмкін деді жүргізушілердің бірі Reuters агенттігіне.

Өрт сөндірушілер отты ұзақ баса алмады. 2 мамыр күні таңертең жарылыс орнында от алауы әлі көрініп тұрды.

Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Тариқ Ариан өрттің жанармай тасығыш көліктердің бірінен басталып, сол жерде болған басқа көліктерге тарағанын айтты.

Жанармай тасығыш көліктер қала сыртында кешкі 9:00-ді күтіп тұрған. Бұл көліктер қала орталығына осы уақыттан кейін ғана кіре алады.

Апат АҚШ пен НАТО әскерін Ауғанстаннан толықтай әкететінін мәлімдеген тұста болып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG