Accessibility links

Блинкен: Қытай өз ішінде репрессия, сыртта агрессия көрсетіп жатыр


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен CBS News арнасына берген сұхбатында Пекин мен Вашингтон арасында кикілжің болса, екі елдің мүдделеріне қайшы келеді деп мәлімдеді.

Бұған қоса, ол "кейінгі бірнеше жылда Қытай өз ішінде репрессия, ал сыртта агрессия көрсетіп жатқанына куә болып отырмыз. Бұл – факт" деді.

Блинкеннің сөзінше, АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі "Қытай тарапы интеллектуалды жекеменшікті ұрлауы мүмкін деп қауіптенеді". Ол Пекинді "бәсекені әділетсіз және жауласу арқылы жүргізеді" деп айыптады. Блинкен "Вашингтон мен серіктестері және Қытайға өкпелі басқа елдер" Пекиннің бұл әрекетін тоқтатуы тиіс деп санайды.

Бұған дейін АҚШ "әлемдегі Американың мүдделерін қорғау үшін" Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы әскерін күшейтетінін айтып, Қытайға ескерту жасаған.

"Қытай басшысы Си Цзиньпинге Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы әскерді көбейтетінін айттым. Бұл – жанжал бастау емес, бұл – жанжалдың алдын алу" деген еді Байден.

АҚШ президенті Америка жұмысшылары мен кәсіпорындарының мүддесіне қайшы келетін әділетсіз сауда-саттыққа қарсы тұратынын айтқан.

АҚШ Қытайды Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және басқа да мұсылмандарды қуадалап жатыр дейді. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Пекиннің Шыңжаңдағы әрекетін "геноцид" деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG