Accessibility links

Билл Гейтс пен әйелі Мелинда 27 жыл некеден соң ажырасатынын мәлімдеді


Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, миллиардер-филантроп Билл Гейтс және әйелі Мелинда Гейтс.
Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, миллиардер-филантроп Билл Гейтс және әйелі Мелинда Гейтс.

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, миллиардер-филантроп Билл Гейтс әйелі Мелиндамен 27 жыл некеден соң ажырасатынын мәлімдеді. Компьютер революциясының "иконасы" атанған 65 жастағы Гейтс Twitter-де “арадағы қарым-қатынасымыз туралы ұзақ ойланып, сол бойынша көп жұмыс істегеннен кейін” осындай шешім қабылданды деп жазды. Сиэттлде туған Гейтс өзінің отбасына "біраз кеңістік" беруді сұрады. Ерлі-зайыптының үш баласы бар.

Microsoft корпорациясындағы табысы мен Windows операциялық жүйесінің арқасында Гейтс әлемдегі ең ауқатты адамдар тізімінде 1987 жылдан бері тұр. Ол филантропиямен айналысу үшін 2014 жылы корпорацияның төрағасы қызметінен кетті. 2020 жылы директорлар кеңесінің құрамынан шықты.

Гейтс пен әйелінің қайырымдылық қоры бүкіл әлемде гуманитарлық іс-шараларға миллиардтаған доллар жұмсаған, ерлі-зайыпты негізін қалаған қор Африкада полиомиелитпен сәтті түрде күрес жүргізді.

Коронавирус індеті кезінде де Гейтс жаппай вакциналауды жарнамалап, оның маңыздылығын айтып келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG