Accessibility links

Ташкентте коронавирусқа байланысты 35 университет, 132 мектеп пен 22 балабақша жабылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ташкентте коронавирусқа байланысты 35 жоғары оқу орны екі аптаға карантинге жабылды. Бұл туралы Ташкент қаласы мэриясының баспасөз қызметі Telegram-да хабарлады.

Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және қоғамдық денсаулық қызметі басқармасының өкілі Нодира Султонмуродованың айтуынша, бұған қоса, 15 орта білім беретін мекеме, 132 мектеп, 22 мектепке дейінгі білім беру мекемесі, үш емдеу-профилактикалық мекеме және екі қызмет көрсету нысаны екі аптаға жабылған.

Маманның сөзіне қарағанда, Ташкентте күн сайын 8 мыңға жуық коронавирус тесті өткізіледі, 2,5-3,5 пайызында вирус бары расталады.

Бұған дейін Ташкент облысы мен Самарқандта мектептер мен балабақшалардың карантинге жабылғаны хабарланған.

Індет басталғалы бері Өзбекстанда 92 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған. 88 мыңға жуығы жазылған. 653 адам қайтыс болған. Кейінгі күндері елде 400-ге жуық науқас тіркеліп жүр.

Коронавирус жұқтырғандар бойынша Өзбекстан Орталық Азияда Қазақстан (383 мың адам) және Қырғызстаннан (96 мыңнан астам адам) кейін үшінші орында тұр.

Вакциналау науқаны 1 сәуірде басталған. Наурыз айының ортасында Өзбекстан ғаламдық COVAX бағдарламасымен батыс компаниялары әзірлеген AstraZeneca вакцинасының 660 мың дозасын алған. Бұған қоса, елге Қытай және Ресей вакциналары да жеткізілген. Соңғы мәлімет бойынша, елде 600 мыңнан астам адам вакцинаның алғашқы дозасын алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG